Ақ жол, Эльдар Төлеубекұлы!

29-01-2020

Ақ жол, Эльдар Төлеубекұлы!

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестік мүшелері және шығармашылық ұжымдармен кездесу өтті.

10 жылдан астам уақыт бойы Достық үйін басқарған Эльдар Төлеубекұлы Төлеубеков жауапты мемлекеттік лауазымға тағайындалып, қызмет бабымен өсуіне байланысты ұжыммен қорытынды жиын өтіп, қызметкерлер алғыстары мен ізгі-тілектерін білдірді.

Осы орайда Эльдар Төлеубековке Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық ынтымақтастықты нығайту жолында жылдар бойы тыңбай атқарған зор еңбегі үшін алғыс білдіргіміз келеді. Сіздің жоғары ұйымдастырушылық және кәсіби біліктілігіңіздің арқасында Достық үйі республика көлемінде үздіктер қатарынан көрінді.

Алдағы уақытта да терең біліміңіз бен мол тәжірибеңізді Тәуелсіз еліміздің игілігі мен тұрақтылығы жолында жұмсай бергейсіз.